А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектепте қауіптің алдын алу мақсатында 26 қыркүйек күні «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер» тақырыбы бойынша жоспарлы сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Жаттығу сағат 9:00-де дабыл қағумен басталды. Дабыл жүйесі іске қосылған сәтте мектеп ұжымы мен оқушылар түгелдей ғимарат сыртына эвакуацияланды.
Оқу-жаттығу барысында эвакуациялау тетіктері пысықталып, мұғалімдер мен оқушылар ережеге сәйкес әрекет етті.
Сейсмологиялық жаттығудың негізгі мақсаты – жер сілкінісі қаупі мен төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдың дайындық деңгейін арттыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.