А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісінің иегері Пәрменқұлов Досыбай Мәуленұлының туғанына 76 жыл"

ұрметті азамат, ардақты әке, адал дос, ұлағатты ұстаз, "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісінің иегері, "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі" Пәрменқұлов Досыбай Мәуленұлының туғанына 76 жыл толуына орай А. Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде шығармашыл ұстаздарға және дарынды, талантты, жас ақындарға арналған мәдени іс-шара өткізілді. Іс-шараның ұстаздар мен дарынды шәкірттерге берер тағылымы мол екендігі тағы да расталды. Жастарға білім мен тәрбие берудегі ерен еңбегі үшін Пәрменқұлов Досыбай ағайдың өмір жолындағы атқарған жұмыстары мен жетістіктерін

АББ-нің әдістемелік кабинет әдіскерлері З.Жақыпбекова мен Ж.Қонтаева және мектеп директоры

Б.Мырзаш бөлісіп, іс-шараны ашып берді.

Тау тұлғалы азаматтың ерең еңбегі еске алынып, ІІ бөлімнен тұрған сайыстың жеңімпаздары анықталып, Досыбай ағай ұрпақтары тағайындаған арнайы сыйлықтармен және алғыс хатпен марапатталды.