А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Мектеп психологы Г.Байболовамен жиналыс.

Бүгін А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде психологиялық қолдау орталығының кезекті отырысында психологиялық ерекше назарды қажет ететін оқушыларды анықтау және олармен түзету жұмыстарын жүргізу тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиында мектеп психологы Г.Байболова ерекше назардағы оқушыларға толтырылатын бақылау парағын түсіндірді, сынып жетекшілерге бірлескен жоспарлар құру, жоспармен жұмыс жүргізу процесін анықтап алуды ұсынды. Әлеуметтік педагог Н.Парменқұлов өз сөзінде әр сынып бойынша осал топ оқушыларының бақылау парағын толтыру, үй аралау актісін жылына 2 рет жасау туралы айтты, сынып жетекшілер өз сыныптары бойынша диагностика нәтижесінде анықталған жасыл, сары, қызыл деңгейге бөлу критериларымен танысып, арықарай жұмыс бағыттарын анықтап алды. Мектеп директоры Б.Мырзаш өз сөзінде мектептегі әрбір оқушы жеке тұлға, оны ары қарай қолдап, түзетіп отыру осы ұжымның ортақ міндеті екенін айтты, жиын барысында айтылған жоспарларды тиісті тұлғалардан жыл соңында сұралатынын ескертті. Мектепте өткізілетін әр бір іс шараға ата аналарды көптеп қатыстырып, оқушылардың отбасымен де қарым қатынасын дамытуға атсалысуға шақырды.