А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Жас толқын" дебат үйірмесі"

А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Жас толқын" дебат үйірмесінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында пікірсайыс турнирі өтті. Шараның басты мақсаты - дебат мәдениетін дамыту, жас дарындарды анықтау, қатысушылар арасындағы достық және кәсіби байланысты нығайту. Сайыс барысында қатысушылар өз көзқарастарын дәлелдеп, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызын талқылады. Пікірталас қызу да тартысты өтіп, үздік атанған қатысушылар марапаттарға ие болды.