19 наурыз күні А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде: Кәмелетке толмағандардың құқықтық қорғалуы және суицидтің, зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары; Хабарламашы: Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Құттыбаев.Жасөспірімдер бойында позитивті өмірлік ұстаным қалыптастыру, жыныстық қолсұғушылықтың алдын алуда ата-ананың рөлі: Хабарламашы: Педагог-психолог Г.Байболова.Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу: Хабарламашы: АПБ ЮПТ инспекторы, полиция капитаны Д.Ерданова.Жалпы ата-аналар жиналысында көктемгі демалыс кезіндегі жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу , құқық бұзушылықты болдырмау ,білім алушылардың қауіпсіздіктері жайында мәселелер талқыланып, жан-жақты пікірлер айтылды.