А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында “ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ” жазғы сауықтыру алаңшасы өз жұмысын бастады.
Мерзімі: 26.05.2025 – 13.06.2025
Алаңшада балалардың белсенділігі мен қауіпсіздігін сақтау басты назарда. Тәрбиелік, спорттық, шығармашылық бағыттағы шаралар арнайы жоспар бойынша жүргізілуде.
Міндеттері:
Балалардың күнделікті қатысуын қадағалау
Әр күнді жоспарға сай мазмұнды ұйымдастыру
Таңғы дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыс ойындарын бақылау
Саяхаттар мен жорықтарда қауіпсіздік ережелерін сақтау
Салтанатты жиындар, көрмелер мен байқаулар өткізу
Сурет, қолөнер арқылы шығармашылықты дамыту
Ұлттық ойындар мен логикалық, спорттық жарыстар арқылы қызығушылықтарын арттыру
“ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ” – күндей жарқыраған жаздың ең шаттықты алаңына айналмақ!
#Мектеп_жанындағы _жазғы_сауықтыру