Жаңа бастама – жарқын болашаққа қадам!
2025–2026 оқу жылы мектебімізде игі істермен басталды. Осы оқу жылында бірнеше кабинеттер жаңаша жабдықталып, оқушылар игілігіне ұсынылды.
Соның бірі – бастауыш сыныпқа арналған математика кабинеті. Бұл кабинетке ардагер ұстаз Жолдас Базаркүл Бақтыбайқызының есімі беріліп, салтанатты түрде лентасы қиылды.
Ұстаздың ерен еңбегі мен шәкірт тәрбиелеудегі үлесі – кейінгі ұрпаққа үлгі. Бұл игі шара – ұстазға деген құрмет пен білімге деген қамқорлықтың айқын көрінісі.
Салтанатты жиынға ұстаздар, оқушылар және ата-аналар қатысып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Жаңарған кабинет – сапалы білімге жол ашады!
Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге!





