А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде мектеп директорының бұйрығымен құрылған бракераж комиссиясы мектеп асханасында берілетін бір мезгіл тегін ыстық тамаққа бақылау жүргізді. Бракераж комиссиясы азық-түліктің жарамдылық мерзіміне, сертификаттары мен олардың дұрыс сақталуына, балаларға барлық санитарлық талаптарға сай берілуін қадағалады.
Бүгінгі ас мәзірі(19.09.2025 жыл) бекітілген ыстық тамақтың берілу тәртібі бойынша жүзеге асырылды.