А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Интернеттегі алаяқтар

Отырар ауданы білім бөлімінің қолдауымен "А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп"  КММ-де 2 сәуір күні өте маңызды топтық семинар өтті. Семинардың өзекті тақырыптары: "Аудан көлеміндегі алаяқтық және бөтенің мүлкін ұрлау қылмыстарының  алдын алу" , "Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын  кесу, тұрмысқа қатысты қылмыстардың және ерте жүктіліктің алдын алу" , "Жасөспірімдер арасындағы қылмыспен құқық бұзушылықтың, нашарқорлықпен лудоманияның алдын алу".

 Қатысушылар: Семинерға 50 маман , оның  ішінде Отырар АПБ  КПБ-нің  жедел уәкілі, полиция капитаны Ө.Әбзейітов, АПБ ЖПҚ б  ОТЗЗҚКТ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты З.Надирова, Отырар АПБ ЖПҚ б ЮПТ  аға инспекторы, полиция подполковнигі Т.Меңлібаев, мектеп мұғалімдері мен мектеп қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында жасөспірімдердің  құқықтық сауатылығын  арттыру, оларды қоршаған ортадағы қауіптерден қорғау және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері талқыланды.

 #Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы

 # Алаяқтыққа_жол_жоқ