Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың, бопсалаудың, әлімжеттіктің, нашақорлықтың алдын алу мақсатында "Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз" тақырыбында ұлдар жиналысы өтті. Жиналысқа 8-11 сыныптың ұл балалары қатысты. Жиналыс мақсаты мектеп ішінде және де мектептен тыс жерлерде әлімжеттікке жол бермеу және оның алдын алу шаралары туралы болды. Сондай-ақ білім алушыларға мектеп формасын, жол ережесін сақтау, зиянды заттардан аулақ болу, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, қылмыс пен құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық фактілерінің түбі заң аясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы мәліметтер кеңірек айтылып өтілді.