Отырар ауданының білім бөліміне қарасты А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Таза Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында сенбілік жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мектеп ұжымы мектеп ауласын көркейту мақсатында арық, атызларды тазартып, жер аударып, ағаш түптерін әктеу жұмыстарын жүргізді.
Тазалық пен еңбекке баулитын бұл игі іс – қоршаған ортаға деген қамқорлықтың айқын көрінісі. Бірлесе атқарған еңбек нәтижесінде мектеп ауласы жаңарып, көркейе түсті.





