Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 15.03.2025 жылы экологиялық және патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған "Таза Қазақстан" акциясы жалғасын табуда мектеп қызметкерлері мектептің ішкі және сыртқы аулаларында тазалық жұмыстарын жүргізді.