Бүгін ӨӨБҰ-ның мүшелерімен "Тәуелсіздік – бабалар арманы!"
атты кеште оқушылар өз өнерлерін ортаға салды.
Жас өнерпаздарымыз жүрекпен шерткен күй, айтқан жыр арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Желтоқсан оқиғасының маңызын терең түсіндіріп, тәуелсіздіктің қадірін ұғындырған шара жоғары деңгейде өтті.
Егемен еліміздің болашағы — білімді, рухы биік, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ұрпақ қолында!





