А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Судағы қауіпсіздік туралы жиналыс"

15.05.2025 жылы Отырар ауданы, Шытты ауылы, А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Қылмыс пен құқықбұзушылықтың, белгіленбеген жерлерге суға шомылудың" алдын алу мақсатында Отырар аудандық прокуратурасының прокуроры А.Сұлтанғалиұлы, №9 Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны Ө.Меңлібаев, Отырар АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы, полиция капитаны Д.Ерденова, Отырар АПБ КПТ жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Н.Төлеген және мектеп директоры А.Шарипов, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Құттыбаевпен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, әлімжеттік пен құмар ойын, белгіленбеген жерлерде суға шомылу, зорлық-зомбылық, нашақорлық және "Соңғы қоңырау" мерекелік салтанатты шараларында автокөлікпен шеру ұйымдастыруға, заңды өкілінсіз сағат 22:00 ден кейін көпшілік орындарға баруға тиым салынғаны жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың қауіпсіздігі өз қолдарыңызда екендігін хабарлаймыз.