А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Әскери борыш-абыройлы міндет"

“Әскери борыш- абыройлы міндет” атты әскерге шақыру медиа жоспары негізінде ашық сабақ.

18 қыркүйек 2025 жылы «А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10–11 сынып оқушыларына арналған патриоттық негізде ашық сабақ өтті.

Іс-шара жас буынға әскери борышты өтеудің маңызы, Отан алдындағы жауапкершілік пен азаматтық парыз жайлы әсерлі әңгімелерін жеткізіп, әскер қатарына шақырылуға дайындық жөнінде құнды кеңестер берді.

Бұл кездесу оқушылардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты арттырып, болашаққа сеніммен қарауға жігерлендірді. 🇰🇿✨