А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Қайсар" бірлестігінің айлық іс-шарасы аясында Айман Сейдахметованың "Шебер көп жерде өнер көп" сайысы өтті. Сайыс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қол өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, оларды ортада өзін ұстауға, сөйлеуге дағдыландырып, шығармашылық қиялын және қол икемділіктерін дамытады. Сайыс барысында қатысушылар 5 кезең бойынша өз шеберліктері мен өнерлерін көрсетіп, әділ қазылар алқасы олардың жұмыстарын бағалады.