20 қараша күні А. Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаппарова Мадина 4-сынып оқушыларымен математика пәні бойынша “Үш таңбалы сандарды көбейту алгоритмі" тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақ тақырыбын ашуда жасанды интеллект қолданды.Үй тапсырмасын ұлттық құндылықтармен байланыстырып “шертпек асықтар" әдісін қолданды. Жаңа сабақты мұғалім тақтаға есепті баған түрінде шығарып түсіндірді. Сабақта топтық , жеке , жұптық тапсырмалар орындалды. Мұғалім жаңа сабақты толық меңгерте отырып өз мақсатына жетті.





