А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Сапалы білім – қоғам дамуының басты тірегі»

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың «Егемен Қазақстан» басылымында жарық көрген «Сапалы білім – қоғам дамуының басты тірегі» атты мақаласында білім беру саласындағы негізгі басымдықтар, қол жеткізілген нақты нәтижелер мен алға қойылған міндеттер кеңінен баяндалады

📨 Министр мақалада Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде мектеп инфрақұрылымын инновациялық трансформациялау, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайту, білім сапасы мен кадрлық әлеуетті арттыру бағытында қабылданған стратегиялық маңызы бар шешімдерге тоқталды.

📚 Министр мемлекет тарапынан талантты оқушыларға көрсетілетін қолдау шаралары және Мемлекет басшысының ұстаз мәртебесін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан негізгі іс-шаралар, оқу процесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу бағытындағы бастамаларды да атап көрсетті.

📎 Мақаланы толығырақ сілтемеден оқи аласыздар.