Әдебиеттік оқу – 2-сынып
Сабақ тақырыбы: «Неткен сұлу туған өлкем!»
Бүгінгі сабақта оқушылар туған өлкеміздің сұлулығын сипаттап, мәтінмен жұмыс жасады. Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, әдемі сөйлемдер құрап, өз ойларын еркін жеткізді.
«Туған жер – тұғырың, Туған ел – қыдырың!» дегенді терең сезіне білді.
Сабақ барысында буынға бөліп оқу, сөзден сөйлем құрау дағдылары бекітілді.
Шығармашылық тапсырмада туған өлке туралы суреттер салып, шағын ойларын жазды.





