Көркем жазу үйірме жетекшісі Аманқұлова Гаухар 1,2-сыныптар арасында
«Әріптерден сөз құрап жазу» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, буынға бөлу, тұтас оқу және дыбыстық талдау жасау дағдысын қалыптастыру.
Балалар әріптерден сөз құрап, сол сөздерден мағыналы сөйлемдер жасады. Буынға бөліп оқыды, дыбыстық талдау жасады. ![]()
Қызығушылықпен, белсенділікпен қатысып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Білімге құштар бүлдіршіндеріміздің талабына риза болдық!





