А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Педагогикалық әдеп" жөнінде мектеп ұжымына түсіндірме жұмысы жүргізілді. Жиын барысында 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі туралы" заңы , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы "Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" заңы аясында әрбір педагог жан жақты "Ұстаз" деген атқа лайықты болуы үшін өзі таңдаған мамандығының негізгі ұғымдарын біліп, педагогикалық әдеп қағидаларын сақиап , оған қоса жауапкершілік талаптарын тереңіне түсіне білу керек екендігі айтылды.
Мектеп педагогтарына педагогикалық әдеп туралы ережелерді сақтау керектігі ескертілді.