Құрметті азамат , ардақты әке, адал дос, ұлағатты ұстаз, "Ыбырай Алтынсарин" атындағы медаль иегері, "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі" Пәрменқұлов Досыбай Мәуленұлының туғанына 75 жыл толуына орай А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде шығармашыл ұстаздарға және дарынды, талантты балаларға арналған мәдени іс-шара өткізілді. 03.04.2025 ж күні өткізілген шараның ұстаздар мен дарынды шәкірттерге берер тағылымы мол екендігі тағы да расталды. Жастарға білім мен тәрбие берудегі ерен еңбегі үшін Пәрменқұлов Досыбай ағаның өмір жолындағы атқарған жұмыстары мен жетістіктерін АББ-нің әдістемелік кабинет меңгерушісі Д.Ембай, әдіскерлер З.Жақыпбекова мен А.Қамбарова мен А.Шарипов бөлісіп, іс-шараны ашып берді.
Тау тұлғалы азаматтың ерең еңбегі еске алынып, ІІ бөлімнен тұрған сайыстың жеңімпаздары анықталып , марапатталды.