Отырар аудандық прокуратурасының тапсырмасына сәйкес 01.10.2025 жылы Отырар аудандық прокуратурасының прокуроры Бахадур Еркебұлан, Отырар АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты Сержан Мерей және Отырар аудандық білім бөлімінің тәрбие жұмыстары жөніндегі әдіскері Баирбеков Алимжан мектебіміздің 8 - 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, құқықтық сауаттылықты арттыру, түнгі уақытта жүру, қылмыстық жауапкершілік, буллинг және кибербуллинг, бұзақылық, ұрлық жасау, есірткі және психотропты заттарды пайдаланудың зияндылығы, вандализм, көрінеу жалған шақыру, қаруды заңсыз сақтау және табиғат аясындағы түрлі тәртіп ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.