ОҚУШЫЛАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНІКТЕМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Отырар АПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Д.Сәдібеков және Отырар АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты М.Сержан және түсіндірме кездесу өткізді.
Іс-шарада қамтылған маңызды тақырыптар:
Жол қауіпсіздігі – жол ережесін сақтау өз өміріңді қорғаудың кепілі.
Үйдегі қауіпсіздік – бейтаныс адамға есік ашпау, интернетте сақ болу.
Интернеттегі тәртіп – жеке деректерді жарияламау, бөтен адамдармен сөйлеспеу.
Буллингке қарсы тұру – достықты нығайту, сыйластық пен мейірімділік таныту.
Зиянды әдеттерден алшақ болу – есірткі, құмар ойын, тыйым салынған заттардан аулақ жүру.
Кешкі қауіпсіздік – түнде көшеде жүрмеу, заңды сақтау.
Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаған жағдайда туындайтын заңдық жауапкершілік жан-жақты түсіндірілді.
Мұндай шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.
Оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, ой-пікірлерін ортаға салды. Түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.