А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебі 2025 жылы мектебіміздің мәртебесін ғылыми жоба байқауы, спорт сайысынан аудан, облыс, республика көлемінде асқақтатқан оқушылар 9 сынып оқушысы Кәдірбек Сымбат, 3 сынып оқушысы Асанбайқызы Нұрила, 8 сынып оқушысы Тұрарбек Мұрат, 10 сынып оқушысы, мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының президенті Амантай Өнер Бақтыбайұлын мектеп директоры алғыс хатпен және арнайы сыйлықтармен құттықтады.
Оқушыларға оқуда озат, спортта, байқауларда үлкен жетістікке жете берулеріне тілектеспіз.





