А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Н.Өскенбай "Наурызнама" онкүндігі аясында Шытты ауылындағы қазыналы қария Әбдіқалықов Төлебай атаның шаңырағында болып қайтты. Атамыз "Наурыз" мерекесінің қадір қасиетін, қалай тойлануы жөнінде әңгіме өрбітсе, атамыздың қосағы Гулдариқа апамыз қыздарға салт-дәстүрге қатысты бірнеше ақыл кеңестерін айтып, құрттың жасалу жолдарын қыздарға керемет түсіндіріп берді.
Төлебай атамыз бақшадағы отырғызылған көшеттерін оқушылармен бірге түптерін тазалап, қопсытып, суару жұмыстарын жасады. Оқушыларға үлкен ризашылықпен Төлебай атамыз батасын берді. Оқушыларда көп нәрсені көңілге түйіп атамыздың берген бағасына, марқайып, көңілді тарқасты.