МЕНІҢ ӘКЕМ - ҚОРҒАНЫМ
Қазақтың батыр жазушысы Бауыржан Момышұлының «Ешкім іштен батыр, дана болып тумайды: ол да мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады», деген. Бүгін, біз, Құнанбайдай әкенің тәрбиесін бере алмасақ, ертең Абайдай ұлдарды өсіре алмайтынымыз анық. "Тәрбие тал бесіктен" деп те бекер айтылмаған. Бүгін мектебізде Ұлы Жеңістің -80 жылдығына орай 2-сынып жетекшісі Ж. Бөрібекова оқушыларымен «Менің әкем – қорғаным» атты тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті.