А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Мен әкім болсам…», «Мен депутат болсам…» тақырыбында эссе жазу.

А. Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде

9 сынып оқушылармен 6 ақпан Дүниежүзілік сайлау күніне орай, Отырар аудандық сайлау комиссияның іс-шаралар жұмыс жоспары бойынша N510 Сайлау учаскесінің комиссия хатшысы Н. Өскенбай

«Мен әкім болсам…», «Мен депутат болсам…» тақырыптарында эссе жаздырды.

Бұл шығармашылық жұмыста оқушылар өз көзқарастарын ашық білдіріп, қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты азаматтық ұстанымдарын көрсете білді. Эсселерде әділдік, жауапкершілік, елге қызмет ету, жастардың рөлі мен болашаққа деген сенім кеңінен қамтылды.

🔹 Бұл бастама – жас ұрпақтың саяси сауаттылығын арттырып, белсенді азаматтық позиция қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

🔹 Болашақ әкімдер мен депутаттар дәл бүгін ой қалыптастырып жатыр!

Белсенді ой. Батыл ұсыныс. Жауапты ұрпақ