А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Мектеп пен отбасы-бір мақсат, ортақ тәрбие"

"АДАЛ АЗАМАТ" біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасы аясында «Мектеп пен отбасы - бір мақсат, ортақ тәрбие» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Мектеп директоры Б.Мырзаш ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, бала тәрбиесінде бірлесе жұмыс жасауға шақырды және мектеп формасын стандартқа сай сақталуын атап өтті.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1. Мектептің 2025-2026 оқу жылына дайындығы. Б.Мырзаш

2. Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру. Баяндамашы: А.Құттыбаев

3. "Балалар буллинг, кибербуллинг құрбаны брлғанда не істеу керек?" психолог Г.Байболова

4.Әр түрлі мәселелер (бірыңғай міндетті мектеп формасы, мектеп үйірмелері т.б)

Қазіргі таңда өзекті мәселелер: оқушылар арасындағы зорлық зомбылық, интернет алаяқтық, буллинг, кибербуллинг, электронды темекі, ұрлық, т.б.қылмыстың түрлеріне тоқталып айтты. Түнгі уақытта 22.00-ден таңертеңгі 06.00-ге дейін кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде болуына тыйым салынатынын ескертілді. Жол жүру ережесі туралы айтылды.

#Біртұтас_тәрбие