МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!
Бүгін А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектепте оқу жылының ең толқулы әрі есте қалар сәттерінің бірі – «МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС !» атты салтанатты жиыны жоғары деңгейде өтті.
Салтанатты шараға ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар мен арнайы шақырылған қонақтар жиналып, қуаныш пен толқу сезімін бірге бөлісті. Биылғы соңғы қоңырау бітіруші түлектеріміз үшін ерекше есте қаларлықтай өтті. Олар сахна төрінде өз өнерлерін көрсетіп, ұстаздары мен ата-аналарына деген алғыстарын білдірді.
Мектеп директоры Мырзаш Бимен Аманжолұлы құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға жүрек жарды лебізін білдірді.
«Білім жолы — болашаққа апарар даңғыл жол. Бүгінгі жас ұрпақ – ел ертеңі. Сіздердің табысты болашақтарыңыз – біз үшін ең үлкен мақтаныш», – дей келе, ұстаздарға қажырлы еңбегі үшін, ата-аналарға қолдауы үшін алғыс айтты.
Салтанатты сәт қоңырау үнінің сыңғырлауымен қорытындыланып, оқушылар үшін жарқын болашаққа жол ашылды.
Барша түлектерімізге сәттілік, асқақ арман мен биік белес тілейміз!