А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Мақтанышымыз – 134 балл!

Наурыз ҰБТ-2026!

Мақтанышымыз – 134 балл! 🎉

Мектебіміздің 11 - сынып оқушысы, Есімхан Тұмар Найатуллақызы 134 балл иеленді!!!

ҰБТ – білімнің ғана емес, табандылық пен еңбектің үлкен сынағы. Бұл жетістік – күнделікті үздіксіз дайындықтың, мақсатқа деген сенімнің және ата-ана мен ұстаз қолдауының жемісі. Әрбір тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, өзіне сенген оқушы биік белесті бағындыра алатынын дәлелдеді.

Біздің түлектің жетістігі – кейінгі оқушыларға үлкен мотивация, «Еңбек ешқашан зая кетпейді»,- дегеннің нақты дәлелі. Алдағы уақытта да биік шыңдарды бағындырып, мектеп, ұстаз үмітін ақтайды деп сенеміз.

✨ Жарайсың!

✨ Білім жолың ашық болсын!

✨ Мектебіміздің мақтанышы бола бер!