А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 3-сынып оқушыларының қатысуымен қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Поэзия және Мұқағали» атты поэзия кеші өткізілді.
Іс-шара барысында мектеп кітапханашысы Б. Қалдарова оқырмандарды ақынның өмірі мен шығармашылық жолымен таныстырып, оның өлеңдерінің тәрбиелік мәніне тоқталды.
Кеш барысында Асанбайқызы Нұрилла, Досыбай Бейбарыс, Сәдібек Зере сынды жас оқырмандар Мұқағали ақынның жүрекке жылы, әсерлі өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.
Поэзия кеші оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, көркем сөзге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға үлкен үлес қосты.





