А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған халықаралық фестивалға"қатысу

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !

Алматы қаласында өткен Республикалық "Ақылдым" балалар журналы мен "Ақсұңқар" өнер-шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған халықаралық фестивальде 3-сынып оқушыларымыз Келдебек Жаңылыс, Ержанұлы Нұрислам, Сәдібек Зере "Көркем сөз" жанры бойынша жүлделі 1-орындармен марапатталды! Сонымен қатар, Астана қаласында өтетін фестиваль мен Грузия мемлекетіне жолдама алды. Жетекшісі Бөрібек Жазира Құралқызы.

Мектеп әкімшілігі ұстазымыз бен шәкірттерімізді жүлделерімен арнайы құттықтап, сәттілік тіледі.