А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Ұлы Жеңіске 80 жыл"

Бүгін мектебімізде "Ұлы Жеңіске 80 жыл" іс-шаралар жоспары аясында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында "Болашақ Отан қорғаушылар" эстафеталық ойын-сауықты спорттық іс шарасы болып өтті. Сайыс сегіз кезеңнен тұрып, оған "Қыран", "Отырар" топтары қатысты. Әр кезеңде топ мүшелері көңілді де тартысты ойын өрнегін көрсетіп, ептіліктерімен, қырағылықтарымен көзге түсті. Олардың еңбектерін таразылаған сарапшылар ойын соңында әділ бағаларын берді. Сайыс қорытындысы бойынша жеңіс "Қыран" тобының еншісіне тиді. Спорттық шараға белсене қатысқан оқушыларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.