А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Ұлы ерлікке мың тағзым"

Бүгін мектебімізде "Ұлы Жеңіске 80 жыл" іс шаралар жобасының аясында "Ұлы ерлікке мың тағзым" тақырыбында шахматтан мектеп оқушылары арасында жарыс өтті. Сайыс оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етіп, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Бұл зияткерлік турнирге мектебімізден 14 оқушы қатысып, жарыс ережесіне сәйкес "рапид" номинациясы бойынша сайысты. Болашағынан зор үміт күттіріп, ұстаздарының сенімін арқалаған жасөспірімдерге биік шыңдарды бағындырып, толағай табыстарға жетуді тілейміз.