2 СӘУІР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІ
Түркістан облысы, Отырар ауданы "А. Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ кітапхансының ұйымдастыруымен "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Оқуға құштар мектеп" "Балалар кітапханасы" жобасы аясында " Білім көзі- кітапта" атты 2-5 сынып оқушыларымен мерекелік кеш өткізілді. Кітап туралы өлең шумақтарын оқушылар жатқа оқыды, ән айтылды. Ы.Алтынсарин әңгімелерін оқып "Бақша ағаштары" әңгімесінен көрініс көрсетілді.
#біртұтас_тәрбие
#оқуға_құштар_мектеп
#балалар_кітапханасы