А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ”

“ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ”

♦️“А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналлық мемлекеттік мекемесінде құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өтті.

♦️Кездесудің мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдағы тәртіп пен заңға бағынудың маңыздылығын түсіндіру болды.

Кездесуге Отырар АПБ ЮПТ аға инспекторы, полиция подполковнигі Т.Меңлібаев және УПИ Д.Сәдібеков, Н.Зияв мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Құттыбаев қатысып, жастар арасында құқықбұзушылықтың себептері мен оның салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

♦️Сондай-ақ, оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін білу, қоғамда жауапкершілікпен әрекет ету, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру жөнінде кеңестер берілді.

Кездесу соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, қойылған сұрақтарға жауап алды.