А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Қазақ магниткасының жарық жұлдызы”

А. Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Қазақ магниткасының жарық жұлдызы” атанған ардақты тұлға А.Дәрібаевтың туған күніне орай 9-сынып оқушыларымен танымдық кеш өткізілді.

Кештің мақсаты – жас ұрпаққа елге еңбегі сіңген азаматтың өмір жолын насихаттау, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру және тарихи тұлғаларды құрметтеуге баулу.

Іс-шараны 9-сынып жетекшісі Н.Өскенбай ұйымдастырып, оқушылар тұлғаның еңбек жолы, қоғамдық қызметі мен өнегелі өмірі туралы мазмұнды баяндамалар жасады. Сонымен қатар, көркем сөз оқылып, сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларымен бөлісті.

Танымдық кеш барысында жас буын ел тарихындағы жарқын есімдердің өнегесін үлгі етіп, патриоттық рухта тәлім алды.

Осындай тағылымды шаралар – жас ұрпақтың рухани дамуына жол ашатын маңызды қадам.