ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ!
А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 8–11 сынып оқушыларымен Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторлары полиция лейтенанттары Н.Төлеген мен М Сержан және Отырар ауданының білім бөлімінің тәрбие әдіскері А.Байрбековпен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасында өзекті болып отырған:
лудомания (құмар ойынға әуестік),
нашақорлық,
ерте жүктіліктің алдын алу,
буллинг тақырыптары жан-жақты түсіндіріліп, зиянды әдеттердің салдары мен жауапкершілігі туралы маңызды ақпарат берілді.
Шара барысында оқушыларға дұрыс таңдау жасау, салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы ерекше атап өтілді.
Бұл кездесудің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіп-қатерден сақтандыру және болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.