А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Қауіпсіз балалық шақ»

А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 03.12.2025ж күні сағат 10:00 де 9-11 сынып оқушыларымен (110 оқушы )облыс прокурорының орынбасары Тлемисов Даулет Бекбашұлы «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында тікелей эфирде кездесу өткізді .

Эфир барысында балалардың құқықтық қауіпсіздігі, олардың қорғалуы және ата-аналардың жауапкершілігі туралы маңызды мәліметтер берілді. Сондай-ақ, оқушылар мен ата-аналарға құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұл эфир жобаның аясында атқарылып жатқан жұмыстардың ашықтығын көрсетіп, қоғамға пайдалы ақпарат жеткізуді мақсат етті.