Қайырымдылық -жүректен шыққан жылулық. Осындай игі істер қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттырады. Бір -бірімізге қолдау көрсетіп, үлкендердің батасын ала білсек еліміздегі береке мен бірлік нығая түсетіні сөзсіз.
"Жақсылық жасаған-жақсылық табады" демекші бүгінгі игі істер ертеңгі күнге сенім мен үміт сыйлайды! Қайырымдылық күні аясында ауылымыздың көп балалы ана, ардақты әже Маханова Мәлике әжені мерекемен құттықтай келе, хал -жағдайын сұрап, сый-сияпат жасадық. Сондай-ақ әсерлі әңгімесін тыңдап, батасын алдық.





