А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Үйірмелер бірлестігінің айлық іс-шарасы"

А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде үйірмелер бірлестігінің айлық іс-шарасы барысында үйірме жетекшісі Г.Джапабаева "Зергерлік бұйымдар" тақырыбында түрлі ЖИ ойындарын пайдалана отырып ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар қазақ зергерлік бұйымдарының шығу тарихымен, олардың түрлері мен жіктелуі, қолданылу ерекшеліктерімен танысты. Әрі қарай тақырыпқа байланысты практикалық жұмыстар жасалды. Осы айлық іс-шара жоспарына сай «Көркем жазу» үйірмесінің жетекшісі Г.Аманқұлова «Дауысты және дауысыз дыбыстар» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылардың тілдік білімін дамытуға бағытталған тиімді әдістер қолданылып, жаттығулар орындату арқылы белсенді жұмыс жүргізілді.