А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Ғылыми жобалар" конкурсы.

2026 жылы ақпан айының 17-20 күндері аралығында өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық "Ғылыми жобалар" конкурсына Тіл білімі (орыс тілі) секциясы бойынша республикалық кезеңіне қатысқан мектебіміздің 9-сынып оқушысы Кәдірбек Сымбат жүлделі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің III дәрежелі Дипломына және Қола медальге ие болды.

Жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанаев Үсейін Жүнісбекұлы

Бүгін 24.02 күні мектеп директоры, мұғалімдер ұжымы Кәдірбек Сымбатты жеңісімен құттықтап, сый-сияпаттарын табыс етті. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына және ұжымға алдағы уақытта да, жоғары жетістіктерге жетуіне тілектестіктерін білдірді.