Мектебімізде 11.12.2025 жылы Түркістан облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің АТТ тобы мүшесі, дінтанушы-теолог маман Мырзабай Қайсар 8-11 сынып оқушыларымен «Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының негізгі бағыттары» тақырыбында кездесу өткізіп, елімізде дін саласында тұрақтылықты сақтау, діни экстремизм мен радикалды діни ағымдардың алдын алу, ұлттық құндылықтарды насихаттау ,шетелде діни білім алудың қауіптілігі жайлы айта келе, кейбір жалған діни ұйымдардың заңсыз жолмен алынған қаржылық ресурстарды пайдалана отырып қылмыстар жасауы, сондай-ақ осы діни ұйым басшыларының алаяқтық, қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттері, кереғар діни ағымдардан сақтану үшін оқушылардың үнемі білімге және өз ұлтымыздың тарихы мен мәдениетін терең білуге ұмтылу қажеттігі туралы мәліметтер берді.





