«Дене жаттығуы – денсаулық кепілі»
9 қыркүйектен бастап А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде әр сейсенбі күні таңғы дене жаттығулары дәстүрге айналмақ. Бұл шара ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасы негізінде жүзеге асуда.
Жаттығудың мақсаты – балалар мен мұғалімдердің күнін сергек бастап, денсаулығын нығайтуына және белсенді өмір салтын қалыптастыруына мүмкіндік жасау.
Алғашқы жаттығуға мектеп ұжымы түгелдей қатысып, көтеріңкі көңіл күйде өтті.