4 желтоқсан күні А. Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Телібай Бибігүл Мырзатайқызы орыс тілі пәні бойынша 3 -сыныпта "Декоративно прикладное искусство" тақырыбында ашық сабақ өтті. "Испеку бауырсаков" әдісімен үй тапсырмасын тексеріп, жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылармен сұрақ жауап әдісін пайдалана отырып, сипаттау мәтінінің ережесімен таныстырды. Оқушылар "Бәйге" әдісімен өзін - өзі бағалап отырды. Ұлттық сәндік қолданбалы өнер туындыларын екі тілде еркін аударып, оларды сипаттап өздерінің орыс тілін еркін меңгергендігін байқатты. Ұстаз өзінің шеберлігімен сабақты жоғары деңгейде өтті.





