А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Білімім-Отаныма"

"Білімім – Отаныма!" 📚

А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектепте "Білімім – Отаныма!" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

🔹 Мақсаты:

Оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, білімнің маңызын ұғындыра отырып, ел болашағына өз үлесін қосуға ынталандыру.

🔹 Міндеті:

– Жас ұрпақты жауапкершілікке баулу;

– Туған елдің жетістігіне қуана білетін азамат тәрбиелеу;

– Білім мен тәрбие арқылы рухани жаңғыруға үн қосу.

Оқушылар белсене қатысып, білім мен болашақ тақырыбында ой бөлісті. Оқушылар өз ойларын эссе, өлең және сурет арқылы жеткізіп, білімнің ел дамуына қосатын үлесі жайлы пікірлерін ортаға салды. Сынып жетекшілері мен мұғалімдер оқушыларды белсенділікке, азаматтық жауапкершілікке үндеді. Бұл тәрбие сағаттары өскелең ұрпақтың саналы да сапалы тұлға болып қалыптасуына ықпал етті.

#БілімімОтаныма #ТәрбиеСағаты #ПатриоттықТәрбие