А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Балдырған" бастауыш бірлестігінде айлық жоспардың аяқталуы.

Бүгін А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің "Балдырған" бастауыш бірлестігінде айлық жоспар бойынша өткізілген іс-шаралардың жабылуы салтанаты түрде өтті.

Бұл мерекелі жиын Тәуелсіздігімізбен тұспа-тұс келіп, ерекше рухта өтті. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, өлең оқып, ән шырқады.

Мектеп директоры Б.Мырзаш қорытынды сөз сөйлеп, бірлестік жұмыстарына белсенді қатысқан оқушыларды мадақтама қағаздарымен марапаттады.

📚 Осындай шаралар оқушылардың елжандылық қасиетін арттырып, білім мен тәрбиеге деген құлшынысын оята түседі.

Тәуелсіздік – ұрпаққа аманат!