Түркістан облысы, Отырар ауданы А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп кітапханасының ұйымдастырумен "Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырамыз" атты іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді. "Туған жерге тағзым", "Туған жерге туыңды тік", әрбір адамның өміріндегі мақсаты туған елге, туған жерге қызмет ету болса, сол қызметті ауылымыздың жастары әр түрлі мақсатта атқарып келеді. Соның бірі ауылымыздың тумасы, мектебіміздің түлегі Есен Исламхан Мақсатұлы. Рухани байлығымыз кітаптарды дәріптеу, оқушылардың санасына кітап оқуды ұялату, білімге шақыру мақсатында "КІТАП АЛ" жобасы бойынша мектеп кітапхана қорына 50 кітап сыйға әкеліп табыстады. Кітап баға жетпес байлық, ал оны оқу адамның жан дүниесін байыту. "Ауылға кітап ал!" акциясы жалғаса берсін, әрбір ауыл мектеп кітапханалары жаңа кітаптарға толыға берсін!