А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Ана-өмір шуағы"

А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебі сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ана - өмір шуағы» атты мерекелік тәрбиелік шарасы өткізілді.

Мақсаты: 8 Наурыз –Аналар мерекесіне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу, сұлулықты сезіне білуге, мейрімділікке, үлкенді құрметтеуге, ана еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Шара барасында оқушылар Ана туралы әндер шырқап, би билеп, көрініс көрсетті.

Ана – бұл өмірдің мәні, тіршіліктің нұры. Ол жан жылуымен, қамқорлығымен әр үйдің берекесін келтіреді. Ана меірімі мен махаббаты шексіз, оның жүрегі бала деп соғады. Ана отбасының ұйытқысы, өмірдің бастауы екенін оқушылар тәрбие шара барысында терең түсінді.

#Біртұтас_тәрбие

#Ана_өмір_шуағы

#Аналар_мерекесі